Қоғам

Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион жыл соңында пайдалануға беріледі

Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда алғашқы футбол ойыны 1964 жылғы 14 мамырда өтті. Сонымен қатар, бұл жерде регби бойынша жарыстар да ұйымдастырылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Елорданың тарихи нысаны біраз уақыт бойы қараусыз қалып, оның трибуналары мен қосалқы жайлары апаттық жағдайда болды. 2020 жылы жүргізілген техникалық тексеру кезінде стадион құрылымдарының қатты тозғаны анықталып, бұл адамдардың қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіргені белгілі болды. Елордалық мәслихат бұл жағдайды ескере отырып, стадионды қайта жаңғыртуға қаржы бөлу туралы шешімді бірауыздан қолдады. Жобаны аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған.
Жер учаскесінің жалпы ауданы 2,2 гектарды құрайды, ал стадионның сыйымдылығы – 3 598 орын, оның ішінде VIP аймағы мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған орындар қарастырылған. Стадионды Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, қала тұрғындары мен қонақтары пайдалана алады. Олар нысанды белсенді демалыс пен спортпен шұғылдану үшін қолдана алады. Жаңа стадион UEFA және FIFA халықаралық стандарттарына сай жабдықталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button