Ел тынысы

Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионның жаңа эскизі ұсынылды

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды бұзып, оның орнына жаңа жабық типті стадион салу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Стадион УЕФА стандартына сәйкес 4 500 орындық, ойын алаңы 7 140 шаршы метр, өлшемі 105 метрден 68 метрге дейін болады

– Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғырту орнына толық демонтаж жасап, жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімін ұзартады. Жабық үлгідегі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Стадионның жаңа эскизі дайын, –  деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Оның айтуынша, стадион жобасы УЕФА стандарттарының 3-санаты бойынша 4 500 орындық, ойын алаңы140 шаршы метр, өлшемі 105 метрден 68 метрге дейін болады. Қазіргі кезде алдын ала жобасын дайындау жұмысы болып  жатыр. Стадионның алдын ала жобасына келісім алғаннан кейін ол мемлекеттік сараптама порталына шығады. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін стадион салынады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button