Ел тынысы

Қабанбай батыр даңғылы ішінара жабылды



Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ бұған дейін Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабарлаған болатын.

Бұл ретте Қабанбай батыр/Сығанақ және Қабанбай батыр/Керей Жәнібек хандар қиылыстары ашылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 мамыр күні сағат 22:00-ден бастап 31 мамырдың сағат 8:00-ге дейін Қабанбай батыр/Сығанақ қиылысы толығымен жабылатынын хабарлаймыз.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button