ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Қабылдау өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 8 отбасын жеке сұрақтарымен қабылдады. Кездесуде тұрғындар тарапынан тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, білім беру, үйлерді жылумен қамтамасыз ету сияқты мәселелер көтерілді. Қала басшысы кездесуде қозғалған мәселелер бойынша атқарылып жатқан іс-шаралардың барысымен таныстырды.

[smartslider3 slider=487]

«Азаматтарды апта сайын қабылдау қала тұрғындарының мәселелерін жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді. Бұл жолы онлайн-қабылдауда тағы 8 отбасын қабылдадым. Бұл дегеніміз 20-дан астам сұрақ қаралды деген сөз» деді А.Көлгінов. Әкім қойылған сауалға орай қаладағы иесіз, қараусыз қалған желілер туралы айтты. «Олардың жұмысындағы үзілістер қала өміріне, өмір сүрудің жайлылығына тікелей әсер етеді. Иесіз жатқан желілерді анықтау бағытында көп жұмыс атқарылды. Соның нәтижесінде біз 450 трансформаторлық қосалқы станцияны, 1 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді қала теңгеріміне алдық. Бүгінге дейін 15 300 шақырым инженерлік желілер цифрландырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда» деп атап өтті ол.
Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдау кезінде келіп түсетін сұрақтар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлінетінін жеткізді. Ұзақ мерзімді мәселелер қаланың жалпы даму жоспарына енгізіледі.
Алтай Көлгінов, тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, білім беру, үйлерді жылумен қамтамасыз ету, трансформаторлық қосалқы станция, инженерлік желілер цифрландырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда» деп атап өтті ол.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button