Қала мен СалаҚала тіршілігі

Қадағалау қауіпті азайтады

Есіл ауданы жасырын қатерлердің алдын алып, тұрғындар тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Аудандық ТЖБ қызметкерлері балық аулау кезінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және оқыс жағдайларды болдырмауға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында балық аулаушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескерту сипатындағы жадынамалар таратылды, сондай-ақ басқарма қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы тұрғындарға кеңестер берді.
Балалардың қауіпсіздік санасын арттыру мақсатында ТЖБ қызметкерлері «Manhattan kids» балабақшасына барып, «өрт туылған кезіндегі мінез-құлық ережелері» тақырыптарына ашық сабақ өткізілді. Сонымен қатар, тұрмыстық өртті азайту мақсатында үйлерді аралап, тұрғындарға өрттен сақтану әдістерін үйретті.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button