Басты ақпаратТаным

Қадiрлi Бiздiң ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан ядролық қаруға қарсы қозғалыстың қашанда алдыңғы қатарынан көрiнiп келедi.
Қырып-жоятын қаруларды таратпау жөнiнде талай рет жаһандық бастамаларды көтердi.
Кеше басталған Ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi Сеул саммитiнде де Қазақстанның ядролық қарусыздану iсiндегi жетекшi рөлi тағы бiр қырынан танылды.
Сеул сапарының алғашқы күндерiнде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президентi Ли Мён Бакпен кездесiп, бiрқатар келiссөздер жүргiздi.
Саммит жұмысының аясында ҚР басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президентi Барак Обаманың да екiжақты кездесуi өттi.
Кездесу барысында тараптар кең көлемдегi мәселелердi талқылады. Ядролық қауiпсiздiк, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөнiнде пiкiр алмасты.
Барак Обама елiмiздiң ядролық саладағы физикалық және техникалық қауiпсiздiктi нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы күш-жiгерiн жоғары бағалады.
Қазақстанның өз аумағында аз байытылған уранның халықаралық банкiн орналастыруға дайындығына оң бағасын бердi.
Өз елiнiң Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiн толық қолдайтынын атап өттi.
Қазақстан басшысы өз кезегiнде: «Мен АҚШ-тың барлық ұлт пен халықты ядросыз әлем үшiн күресуге шақыруын толық қолдаймын. Ядролық мемлекеттер мен ядролық қаруға ұмтылып отырған мемлекеттердiң барлығын Қазақстаннан үлгi алуға және орнықты даму үшiн бiрегей экономикалық мүмкiндiктерге ие болуға шақырамын», – дедi.
Кездесу соңында АҚШ басшысын Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбас-шыларының төртiншi съезiне шақырды. Алда өтетiн президенттiк сайлауда табыс тiлей отырып, дәстүрiмiзге сай «Сәттiлiктiң белгiсi болсын» деген ниетпен қазақтың бойтұмарын сыйға тартты.
Барак Обамаға осыдан екi жыл бұрын Вашингтонда өткен алғашқы саммитке шақырғаны үшiн алғысын бiлдiрдi.
Айта кетейiк, 2010 жылғы Вашингтон саммитiнде елуден астам ел басшылары ядролық қарудың қауiпсiздiгiн бiрлесiп күшейтуге уағдаласып тарасқан. Сеул саммитiнiң отырысында өткен екi жылда еңсерiлген шаруалардың есебi шығарылатын болады.
Ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi саммитте Қазақстанда халықаралық ядролық отын банкiн құру мәселесi талқыланады деп күтiлуде.
Дәл осы күнi Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрiк Республика-сының Премьер-Министрi Реджеп Тайип Эрдоғанмен, МАГАТЭ бас директоры Юкия Аманомен де кездестi.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button