Басты ақпарат

СӘЙГҮЛІКТЕР САЙЫСЫ

Астана күні мерекесіне орай классикалық ат спортынан жарыс өтті. Ат жалын тартып мінген халықтың ұрпағы елорда тойында «Қазанат» ипподромында баптап жүрген сәйгүліктерін додаға қосты.

Елбасының жүлдесі үшін өтіп жатқан халықаралық бәйгенің негізгі талабы – ат спортының классикалық түрінен сынға түсу. Әлемнің 11 мемлекетінен келген жануарлар арнайы сипаттағы кедергілерден секіріп, шабандоздар өзара бақ сынасты. Сонымен қатар классикалық әдіспен 120 шақырым ұзақтыққа жарысты.

Ат спортының осы екі түрі Олимпиадалық ойындар бағдарламасына өткен ғасырдың басында енген. Ұзақ қашықтыққа желетін ат жарысы біз білетін 30-40 шақырымдық аламан бәйгедей емес, мұнда тұлпарлар анағұрлым ұзаққа шабады. Әрбір 30 шақырымды шауып келген соң жылқыны тоқтатып, мамандар жүрек қағысын, қан қысымын,тынысын өлшейді. 20 минуттай тынықтырып, суытады, аздап жемдеп алуға да болады. Ал, демін баса алмай, артық ентіккен жылқы дереу жарыстан шығарылады. Бұл жерде шабандозға да қойылатын талап мықты. Тұлпарға қамшы басуға бол- майды, тақыммен тебінуге де тыйым салынған.

Қысқасы, атты қинауға рұқсат жоқ, межелі қашықтықты еркін шауып өтуі керек. Жарыс бүгін жалғасатын болады.

Ажар ЕРБОЛҒАН, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button