Жаңалықтар

ҚАЙРАН, УАҚЫТ!

Жаратушының адам баласына берген баға жетпес, қайта оралмас құндылықтарының бірі – уақыт. Ол туралы жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі, ол – адам ғұмыры» деген ойлы сөзі бар. Шынында да, адамзат өмірі – «өткен мен болашақтың арасындағы қас-қағым сәт қана».
Уақытты әр адам денсаулығына, көңіл-күйіне байланысты әртүрлі қабылдайды. Әсіресе, жасы ұлғайған жандар үшін ол зымырап бара жатқандай көрінеді. Бос уақыт пен денсаулықтың қадірін түсінбей, өте самарқау қарайтындар да жеткілікті.
Бүгінде «көк сандығы» жоқ үйді елестету мүмкін емес. Алайда, оның уақытқа нағыз «жау» екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. Одан кейінгі ретте көп сөз бен жиі қыдырыс тұр. Біле-білсеңіз, уақыт – мүмкіндік. Оны дер шағында пайдаланып қалмаған адамның кейіннен «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. Ал, біз өзіміздікі былай тұрсын, басқалардың да уақытымен санаса бермейміз. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келеміз, бір сәттік шаруаны біраз күннің ішінде бітеді деп жобалай саламыз. Әсіресе, жастарымыз уақытын үнемдемесе, кәріліктің құрсауына түк тындырмас­тан түсе қалатынын біле жүрсе екен.

Гүлзат СЕРІКБАЕВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button