Жаңалықтар

ҚАЙТА ӨҢДЕЙ БІЛСЕ, ҚАЛДЫҚ ТА ҚАДЕЛІ

ZAH_3658

Кезекті сессияға дайындық барысында қалалық мәслихаттың бір топ депутаты елордадағы №2 жылу электр орталығына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

«Астанаэнергосервис» АҚ-ның басқарма төрағасы Сәуірбай Есжанов пен «Астана-
Энергия» АҚ-ның басқарма төрағасы Мақсат Ердембеков халық қалаулыларына атал­мыш жылу орталығының құрыл­ғы­ларын көрсетті. Осыған орай депутаттар №2 жылу орта­лы­ғының қуаттылығы сағатына 120 мегаватты өнді­ретін бесінші агрегаттың жұмы­сын көздерімен көруге мүм­кіндік алды. Сондай-ақ, халық қалаулылары алдағы жыл­дың жазында пайдалануға берілетін Е-550 жетінші қазан­дық агрегатын құрылымдау жайына қанықты. Осы жылу электр орталығының қарқынды дамып келе жатқан Астана секілді қаланы толықтай қам­тамасыз етуге шамасы келмей отырғаны айтылды. «Сон­дықтан, елорда жылудың жартысын Екібастұз жылу-электр орталығынан сатып алуға мәжбүр» деді М.Ердембеков. Оның айтуынша, қаланың эко­логиялық ахуалын жақсарту мақсатында кәсіпорында жос­парлы жұмыстар жасалуда. Әсіресе, қалдықтардың, күлдің көлемін азайып, атмосфераға шығарылатын басқа да зиянды заттарды қайта өңдеудің жаңа технологияларын пайдалануға, пайдаланылған жерді қайта қалпына келтіруге мейлінше мән берілуде.
Талқыланған мәселеге бай­ланысты депутаттар М.Шекенов, Б.Исабаев, З.Шібкенов, М.Оралов, Б.Солсанов пікір білдіріп, күл үйіндісінің құра­мын­дағы заттарды бақылау жұмыс­тарының қалай жүргізіліп жатқанына көңіл бөлді. Ал,
депутат Бауыржан Исабаев жылу орталығынан шыға­рылатын күлді қайта өңдеп, оны құ­рылысқа, жол салу қамына пай­даланудың маңыз­дылығына тоқталды.
Көшпелі мәжілісті қоры­тындылай келе, қалалық мәсли­хаттың хатшысы Сансызбай Есілов елорданың ауасын лас­таушы кәсіпорындардың бірі жылу-электр орталығы екенін, сондықтан, осы мәселені жан-жақты талқылап, алдағы уақытта қаладағы ғылыми қызметкерлермен және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің инженерлік факультетінің студенттерімен бірлесе жұмыс істеу керектігін ескертті.
Содан соң депутаттар «Астана Эко-Полигон НС» кәсіпорнын аралап, тұрмыстық қалдықтарды көму және қадеге жарату жайымен танысты.

Гүлбану
МАМЫРАЙЫМОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button