Мәдениет

Қайтарымы көп қайырымдылық

dating-coach-mn-dating-advice-to-strong-women-dating-and-vulnerability

Конгресс-холда «Көмек» әлеуметтік жәрдем беру» орталығын қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласының Мәдениет басқармасы, «Жас Нұр» саңыраулар ассоциациясы және «Ашық жүрек» бастамашы тобы. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Көкеев бастаған эстрада жұлдыздары, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері – бұлбұл көмей, жез таңдай әншілер қатысты. Арбаға таңылса да сағы сынбаған, асқақ рухты жандар әуелетіп ән салып, түрлі өнерлерімен жұртты тәнті еткенде ақын Мұхтар Шахановтың:
«Адам мәңгі тән саулығын аңсаған,
Біреуге аяқ, ал біреуге қол қайғы.
Өз борышын сезінуден қалса адам,
Одан асқан мүгедектік болмайды» деген өлең жолдары еріксіз еске оралды.
Қазір не көп – жарқыл да жұрқыл шоу және оны тамашалайтын жұрт көп. Өзіміз де талай сол кештерге қызық қуып, қыдырып барып жүрдік. Ондай кезде айналадағы адамдардың да не мақсатпен жүргенін толық болмаса да топшылайсың. Ал бұл кештің әр адамы аяулы, әр қонағы қастерлі. Себебі, олар концерт билетінен түскен аздаған ақшаларының қандай игілікке жұмсалатынын біледі. «Көп түкірсе – көл» деген қағиданы ұстанып, қайырымдылықтан шет қалмаған жәмиғатқа қандай сауап жазылатынын қасиетті кітаптардан дәйексөз келтіріп, айтып жату артық шығар.

Ырысбек ДӘБЕЙ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button