Мәдениет

Қайым мұражайы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда «Рухы мықты ер қазақ» деген атпен ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог Қайым Мұхамедхановты еске алуға арналған кешенді іс-шара өтті.

[smartslider3 slider=2913]

«Қайым және ұлттық болмыс» тақырыбындағы сынып сағатымен басталған айтулы шара аясында «Ұлттық мектеп – ұлт болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарда педагог ғалымдар мен алаштанушы мамандар Қ.Мұхамедханов мұрасы, ұлттық мектеп моделі, қазақ мектебі мен қазақтілді оқулықтар тарихы бойынша баяндама жасады, сөз кезегін алған өзге спикерлер ұлттық мектеп үлгісі, аударма оқулықтардың сын көтермес халі, оқулықты аудармасыз дайындау, аралас мектептердің жайы, т.б. өзекжарды мәселелер бойынша ой бөлісіп, орамды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Осы шара аясында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы «Алтын белбеу» республикалық турнирі өтіп, мектеп жанынан оқушыларға отаншылдық, елшілдік сана-сезімге бай тәрбие беру, ғалым есімін ұрпақ жадында мәңгі жаңғырту мақсатында «Қайым мұражайы» ашылды.

 Ерлан МАЗАН

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button