ЖаңалықтарҚұқық

Қайықтағы сақшылар

Астана қаласының полицейлері енді өзен бойындағы жағдайды да бақылайтын болады. Олар елімізде шығарылған «Kazboat-47» патрульдік қайығымен тәртіп күзетеді.

29

Астана қалалық Ішкі істер депар­таментінің басшысы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің айтуынша, елордалық полицейлердің міндетіне тәртіпті күзету, құқық бұзушылықтың алдын алу, жедел іздестіру, сондай-ақ, құтқару жұмыстарын жүргізу кіреді. Кеме судағы полиция пункті болып есептеледі.
Полиция жасағының құрамында Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қыз­метінің жол-патрульдік полиция полкінің арнайы дайындықтан өткен екі қыз­меткері және бір кеме жүргізушісі бар.
Патрульдеу уақыты – күн сайын сағат 14:00-ден бастап 21:00-ге дейін.
Полицияның кемесі дабыл, жылжымалы радиоқұрылғы және басқа да қажетті арнайы құралдармен, сондай-ақ, құтқару күртелерімен, өрт сөндіргіш құралдар мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қобдишамен жабдықталған.
Қайықтың ұзындығы – 4,88 м, ені – 1,75 м, құрылымдық көлемі – 250 келі, жүк көтеру мөлшері – 700 келі. Қозғалтқыш қуаты 60 аттың күшімен тең. Кемеге 5 жолаушы сыяды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button