ӘлеуметБілім

ҚАЙЫРЫМДЫ БОЛУ – ҚАСИЕТТІ ІС

Елорданың Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия­сында «Мектепке жол» атты жалпыреспубликалық акция өтті. Білім ошағындағы сауапты шараның ұйымдастырылуына Астана қаласы мәслихатының депутаты Есенжол Бекішов тікелей мұрындық болды.

016

– Жаңа оқу жылының қарсаңында көп балалы және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыдан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді қуантып, сабақ­қа қа­жетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді мақсат тұттық. Бал­дырғандарымыздың әрқашан бал-бұл жайнап жүргенін көргіміз келеді. Ұл-қыздардың бар міндеті – мына сөм­келердің ішін бестік бағаға толтыру, – деп, халық қалаулысы жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ, жиын барысында Алматы ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та сөз сөйлеп, осынау игі іске демеушілік жасаған депутатқа ыстық ықыласын жеткізді.
Ал кішкентайлардың қуанышында шек жоқ. Бірі – формасын, бірі – дәптер-қаламын, енді бірі су жаңа ноутбугын қызықтап, мәз-мейрам. «Мен енді сыныптағы ең үздік оқушы боламын. Бізге жасаған жақсылығы үшін қайырымды ағаларға көп рахмет!» дейді Ерсұлтан есімді тәмпіш танау сары бала.
Өз кезегінде аталмыш мектеп ди­рек­­торының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Қашаева ортаға шығып, қонақтарға шексіз алғысын айтты. Шараның соңы көңілді ән мен биге ұласты.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button