Қоғам

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген дана халқымыз. Балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Қандай заман болмасын маңайына шуақ сыйлайтын жандардың қатары сиремеген. Бүгінгі қазақ қоғамында талай қайырымдылық жасаған қорлардан, ұйымдардан, жекеменшік кәсіпкерлерден біраз балалар, мұқтаж жандар, отбасылар көмек алып, сәл болсын бақытқа кенеліп жатқаны – өте қуантарлық жағдай.

Біздің мекеме «№1 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» – КММ есту қабілеті бұзылған (кохлеарлық имплантациядан кейін) және әртүрлі дәрежедегі интеллектуалдық және психологиялық-физикалық дамуының бұзылулары бар (психикалық дамуы тежелген, церебральды сал ауруы, аутизм, даун синдромы, көру, сөйлеудің бұзылуы) балаларды оңалтумен айналысатын оқу орны.

Ұжымның негізгі міндеттерінің бірі – мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты кешенді психология­лық-педагогикалық түзету және оңалту арқылы әлеуметтендіру болып табылады. Бір жыл ішінде №1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті 850-ден астам баланы қамтиды, ондағы 300-ден астамы – мүгедек балалар.

Түзеу кабинетінде балаларды жан-жақты дамыту үшін тек қана түзету, оңалту жұмыстарынан басқа әлеуметтендіруге және әлеуметтік қолдауға баса көңіл аударылады. Осы орайда балаларға қолдау, демеу жасауда өз үлестерін қосып жатқандар аз емес.

Бүгінгі күні ел алғысына бөленіп жатқан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту корпоративтік қорының басшысы Адиева Әлфия Дәулетқалиқызы, «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қоры басшысы Исабаева Гүлхан Нұрмұханбетқызы, «Дар» қайырымдылық қоғамдық қоры басшысы Кусаинова Татьяна ­Васильевна, «Истоки добра» қоғамдық қорының басшысы Насыбуллина Динара ұйымдастырған әлеуметтік жобалардың өзіндік дара ерекшеліктері бар. Биылғы оқу жылында жоғарыдағы аталған қорлар біздің мекемеге келетін балаларға іс-шаралар ұйымдастыруда көп үлестерін қосты.

Балаларды мерекеде тәттілерімен қуантқан үйде пісірілетін өнімдер желісі «Пампушка» ұжымына, директоры Сагнаева Гүлмира Әлібекқызына, «Агуша» шырындарын ұсынған ЖШС «Aie logistics» ұжымына, басшысы Дүзмамбетова Жангүл Жанатқызына бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытатын ойыншықтар сыйлаған «Нұрқай» кеңсе тауарлары дүкенінің басшысы Қайратбек Нұрқаевқа, «Чудесная лавка» дүкенінің басшысы Сенбаев Ержан Қаныбекұлына, балаларды ауызсумен қамтамасыз еткен «Fresh su» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысы Новикова Анастасия Александровнаға, ЖШС «Golden Rill Trade» басшысы Буслович Алексей Геннадьевичке үлкен алғыс айтамыз.

Жоғарыда аталған қорлардың әлеуметтік жобаларының жұмысын,  жауапкершілігі шектеулі серіктес­тіктердің, компаниялардың және жекеменшік кәсіпкерлердің қолдауларын көпке таныстыруды жөн деп көрдік.

Әрбір бала бақытты болуға, бақытты өмір сүруге құқылы. 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп айтқан сөзі талай қайырымдылық көрсеткендердің негізгі ұстанымы мен мазмұнын танытқандай.

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» дегендей, егер қоғамда осындай игілікті істер жасайтын адамдар көп болса, еліміздің болашағы жарқын боларына кәміл сенеміз.

Айгүл САДЫҚОВА, Дидар БЕКТҰРҒАНОВА,

«№1 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ әлеуметтік педагогтары 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button