БілімҚоғам

Қайырымдылық акциясы жалғасады

Еліміздегі полиция қызметкерлері өткен жылы  50 мың рейд жүргізген. Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған 3 600-ге жуық жасөспірімнің көмекке мұқтаж екендігін анықтаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мектепке жол» жыл сайынғы жалпы республикалық акциясының басталуы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім мәлімдеді.

a70a04f1be88e94bec235b91bb2

– Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасыларға көмек беру үшін ұйымдастырады. Осы жылғы шараны Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнағалы отырмыз. Аталған акция барысында жыл сайын 300 мың балаға көмек көрсетіледі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы биліктен 318 026 бала 2 млрд теңге көлемінде материалдық көмек алған, – дейді М.Әбдікәрім.
«Акция барысында Ішкі істер министрлігі рейдтер жүргізді. Рейдтік шаралар нәтижесінде қандай отбасыларға көмек көрсету қажеттілігі анықталады. Өткен жылы осындай 50 мың рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 3 588 жасөспірімнің көмекке мұқтаж екендігі белгілі болды» деп баяндады министрлік өкілі.
Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясына 70 мыңға жуық адам тартылған. Оның ішінде ҚР ІІМ, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері бар. Сондай-ақ, қайырымдылық шарасы барысында 200 мыңға жуық балаға демеушілер 1,5 млрд теңге көмек көрсеткен екен.
Осындай қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын табатын болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button