Басты ақпарат

«Қайырымдылық керуені» мәреге жетті

Кеше елордадағы Оқушылар сарайында ІV «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауының қорытынды кеші өтті. Байқаудың мақсаты – игі іс жасап, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген адамдарды дәріптеу әрі насихаттау. Аталған іс-шара жыл сайын Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан жүздеген меценат пен жанашыр адамдарды анықтайды

[smartslider3 slider=3213]

Байқауды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Amanat партиясы бірлесе отырып, іскер әйелдер қауымдас­тығы мен Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырды.

– Биыл байқауға қатысуға 1033 өтінім, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 165 өтінім түсті. Қиын сәтте маңызды қолдау көрсетуге, мейірімділік жасап, жақынына қамқорлық жасауға, өз жеріне сүйіспен­шілікпен қарап, жанашырлық көрсетуге шын мәнінде барлық адам қабілетті. Осы ретте біздің ұжым байқаудың жүлдегерін анықтауда үлкен жұмыс атқарды, – деді іскер әйелдер қауымдастығының төра­йымы Сәния Ырысалиева.

Байқауға әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосқан және игі ісімен басқаларды ынталандырып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатысты. Жеңімпаздар 7 номинация бойынша, атап айтсақ, «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарларға мейірім» бойынша марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button