Елорда тынысы

Қайырымдылық көмек көрсетеді

Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 30 жылы: бейбітшілік, келісім, болашағы біртұтас ұлт» атты халықаралық конференция өтті.

[smartslider3 slider=1155]

Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, елшілік өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, елорданың этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын, қазақстандық қоғам дамуының перспективалары мен бағыттарын, Қазақстан халқын біріктіретін және оның бірлігін нығайтатын ортақ ұйыс­тырушы құндылықтар мен идеяларды талқылау және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің негізін қалаушы ретіндегі рөлін ашу.

«Ұлт көшбасшысының басшылығымен біз бүгін елде де, достықта да керемет нәтижелерге қол жеткіздік деп сеніммен айта аламын. Қазақстан біздің көршілеріміз үшін, атап айтқанда, РФ үшін үлгі, ­өйткені ассамблея – біздің ел аумағында тұратын әрбір этностың дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін сақтайтын бірегей институт ретінде көптеген адамдар үшін үлгі» деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева.

Конференция жұмысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қайырымдылық шарасымен жалғасады. Елордалық этномәдени бірлестіктердің атынан 55 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығы табыс етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button