Елорда тынысы

Қайырымдылық қағидасымен

Бас қалада «Жүрек орталығы» қоры қайырымдылық жүгіру жарысын ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=3690]

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандағы алғашқы жүрек трансплантациясының 10 жылдығына орайластырыла өткен шараға он сегіз жасқа дейінгі 50-ден астам адам қатысты. Олардың арасында Болат Жәмішев бастаған «Қазақстан халқына» қорының командасы, Ironman 70.3 Nur-Sultan 2022 қатысушылары, соның ішінде белгілі қазақстандық спортшы Серік Сәпиев және түрлі клубтардың кәсіби жүгірушілері болды.

Шара барысында кардиохирургия­лық орталықтың басқарма төрайымы Махаббат Бекбосынова донорлық мүшелерін трансплантациялаудан өткен, тіпті паралимпиада ойындарына қатысқан «Жүрек орталығының» пациенттерін таныстырды. Ал University Medical Center басқарма төрағасы Юрий Пя жарыста жеңілгендердің жоқ екенін, қатысушылардың әрқайсысы жеңімпаз екенін атап өтті. Өйткені олардың барлығы – қамқор адамдар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button