Таным

Қайырымдылық қағидаты

Өткен жазда Түркияда ұлттық валютаны қолдау үшін долларды өртеп жатқан бір топ азамат түскен видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Мұндай тосын көрініс, санамызды селт еткізіп, түркі бауырларға басқа көзбен қаратқаны рас болатын. Осы оқиғаның алдында ғана бүкілхалықтық референдум өтіп, көпшілік елдің президенттік жүйеге көшуін қолдап дауыс берген болатын.

Осы оқиғалардың тізбегінде Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Нев­зат Уянык мырза елдің сыртқы саясаты және Түркия – Қазақстан қарым-қатынастары жөнінде БАҚ өкілдеріне брифинг өткізеді.
G-20 елдерінің мүшесі болып табылатын Түркия, жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көрсеткіші мен сатып алу қабілетінің паритеті бойынша әлемде 17-ші орынға жайғасып, ал Еуропаның алпауыт экономикаларының ішінде 5-ші орынды иеленеді. Шет мемлекеттерде ең көп өкілдіктер құра білген елдер арасында 5-орынды алған түркиялықтардың қазіргі күнде 240 дипломатиялық өкілдіктері жұмыс істеп тұр екен.
– Түркияның осындай мақсаттармен жүргізіп келе жатқан атқарушы, жаңашыл әрі жоғары қағидалы сыртқы саясатын біз бастамашыл және гуманитарлық сыртқы саясат деп атаймыз. «Бастамашыл әрі гуманитарлық сыртқы саясат» атты философиямыз еліміздің Президенті түрлі себептермен атап көрсеткеніндей, «халқымыздың бастамашыл рухы мен адами және ар-ұят құндылықтарына сай мәдениетін көрсететін» жергілікті және ұлттық бір ұғым, – деді елші мырза.
– 3,5 миллион сириялық бауырларымызға есігімізді ашып, оларды елімізде қонақ ету үшін бүгінге дейін 32 миллиард доллар жұмсадық. Сондай-ақ Түркия, БҰҰ-да ендірілген параметрлер негізінде саяси шешімнің орнатылуын қолдайды. Астана процесінің арқасында уақытша достық бітімінің күшейтілуі, шиеленісті азайту меморандумының орнатылуы және жанжалды тараптар арасында сенімді арттыру шараларының қабылдануы сияқты мәселелер бойынша айтарлықтай алға жылжу байқалады. Біздің атсалысуымызбен достық бітім шартының жариялануы және Астана процесінің басталуымен тығырыққа тірелген Женева процесі қайта жанданды.
Қазақстан да Сирия мәселесіне қатысты Астана процесін ұйымдастырып, сондай-ақ тиісті тараптардың бір ортаға жиналуына себепші бола отырып маңызды қолдау көрсетуде. Бұл қолдау үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Айналамызда өрт бар, дағдарысты басқаруды алдын ала көре білуіміз қажет. Таяу Шығыс­тың бүгінгі халі қуантарлық жағдайда емес. Әсіресе, Сирия мен Ирак қауіпсіздік және экономикалық тұрғыдан еліміз үшін айтарлықтай сынақ болып отыр. Сегіз жыл бойы жалғасып келе жатқан Сирия қақтығыстарының шекаралық елдерге әсерін тигізуінен ең үлкен зардап шегіп отырған мемлекеттердің ішінде Түркия алдыңғы орында тұр.
Аймақта болып жатқан тұрақсыздық, зорлық-зомбылық және лаңкестік әрекеттер, сондай-ақ гуманитарлық, саяси және экономикалық сынақтарға қарамастан Түркия бейбітшілік, тұрақтылық және даму жолында нақты қадамдармен алға жылжып келеді» деді елші.
Елшінің мәлімдеуінше, гуманитарлық дипломатияны жүргізіп отырған Түркия ғаламның әлсіз тұстарын жою үшін үлкен күш салып, гуманитарлық және даму жолындағы көмек тақырыбында басты рөлдерді өз мойнына алып келеді.
«Global Humanitarian Assistance»» (GHA) бағдарламасы дайындаған «Ғаламдық гуманитарлық көмек» атты есебіне сай түріктердің көрсеткен гуманитарлық көмегі 2017 жылы 8,07 миллиард АҚШ долларын құрапты. Аталған сома арқылы гуманитарлық көмек бойынша, Түркия әлемде бірінші орынға шықты. Дәстүр бойынша қайырымдылық көрсетуден алда саналатын АҚШ болса, 6,68 миллиард АҚШ долларын мұқтаждарға бөлу арқылы аталмыш есепте екінші орынды иеленген екен.
БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының ұсынған көрсеткішіне сәйкес, Түркия әлемде ең көп босқын қабылдап отыр­ған ел болып табылады. 600 мыңнан астам сириялық балалар Түркия­да білім алып отыр. Бастауыш сынып жасындағы сириялық балалардың 97%-ы мектеппен қамтылған. Сонымен қатар 20 мыңнан аса сириялық жастар осы елде жоғары білімін жалғастыруда.

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button