Жаңалықтар

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІ

елк

Елордадағы Қазақстан халқы ассамблеясы Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен және «Итальяно» мейрамханасы ұжымымен бірлесіп «Қайырымдылық арқылы бірлікке» атты жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді.

Мүмкіндігі шектеулі бала­ларға, көпбалалы және тұр­мысы төмен отбасының ба­­ла­ларына арналған қайы­рымдылық шараға Астана қаласының Есіл ауданындағы мүгедектер қоғамы мен Қызыл Ай қоғамы Астана қалалық филиалының өкіл­дері де қатысып, мереке қар­саңында мүгедек бала­ларға қолдау көрсетті.

Қырғыз мәдени орта­лы­ғының төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Ш.Исмаиловтың айтуынша, аталмыш шараны ұйымдастырудағы бас­ты мақсат – «Бейбітшілік және келісім жол картасы» жобасының аясында мүм­кін­дігі шектеулі бала­қайларға қайырымдылық көр­­сету арқылы елімізді мекен­деген барлық ұлттар арасындағы бірлікті сақтау, қоғамдық, этника және мәдени келісімді, ұйымдар арасындағы байланысты дамыту.

Шара барысында Аста­надағы мүмкіндігі шектеулі 30 балаға жаңа жылдық қойылымдар көрсетіліп, әртүрлі сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ, олар тәттіге толы дастарханнан дәм татты.

Мереке соңында балалар бейбітшілік және келісім символы ретінде ескерткіш кітапқа өз қолтаңбаларын қалдырды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button