Елорда тынысы

Қайырымдылық турнирі

Астанада хоккейден Бұлбұл Картанбай атындағы қайы­рымдылық турнирі өтті.

Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орайласа ұйымдастырылды. Оған әйелдер хоккей академиясының 6 командасы қатысты.

Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов атап өткендей, бұл турнирдің мақсатының бірі – жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен елордалық спорт мектебінің тәрбиеленушісіне қолдау көрсету.

«Турнир тұрақты өткізіліп тұрады. Сол себепті биыл демеушілер табатын мүмкіндік болды. Түскен қаражаттың бәрі Диас Мараттың көмегіне жұмсалады. Жас хоккейші бірнеше жыл бұрын жарақат алған, әлі күнге дейін ауыр жағдайда жатыр» деді Еркеғали Корбозов.

Спорттық іс-шара Халық­аралық әйелдер күніне сәйкес келгендіктен, турнирдің барлық қатысушысына сыйлық ретінде спорттық аксессуарлар тапсырылды.

Айта кету керек, Бұлбұл Картанбай – еліміздегі алғашқы әйелдер хоккей академиясының негізін қалаған. Ол сондай-ақ ұлттық әйелдер хоккей лигасының алғашқы қазақстандық ойыншысы болып саналады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button