Елорда тынысы

Елорда әкімі таңдауын жасады

20 қарашада таңғы сағат 7.30­да елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазақ ұлттық өнер университетіндегі №329 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Таңертең сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Қаламызда 400-ден астам сайлау учаскесі ашылды. Бүгін сайлау учаскелерінде жұмыс істейтіндердің бәріне алғысымды білдіремін» деді Алтай Көлгінов. Астана қаласының әкімі тарихи күні сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасап, елордалықтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button