Басты ақпаратБілім

Қала әкімінің гранты тапсырылды

Кеше Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев 20 түлекке грант тапсырды.

????????????????????????????????????

Қала әкімінің арнайы грантын иеленген жастардың он шақтысы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық техникалық университетіне түссе, бесеуі – Еуразия гуманитарлық институтының, үшеуі Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенті атанып отыр. Медицина саласын таңдағандар да бар.
– Елбасымыз атап өткендей, білімді халықтың келешегі әрқашан жарқын. Білімді жастар – мемлекеттің үлкен күш-қуаты. Сондықтан білім саласын дамыту – еліміздің басым бағыттарының бірі. Білімді жастарды қолдау мақсатында мектепті үздік бітіргендерге Астана қаласы әкімінің грантын тапсыру жақсы дәстүрге айналды. Биыл, міне, сіздер осыған қол жеткізіп отырсыздар. Баршаңызды грантқа ие болуларыңызбен құттықтаймын! – деді Әсет Өрентайұлы.
Оның айтуынша, биыл грантқа үміткерлерден 41 өтініш қабылданған екен. Соның 21-і респуб­ликалық грантқа өткен. Қалған 20 үміткерге қала әкімдігі арнайы грант бөлу жөнінде шешім қабыл­даған. Оған 7 миллион теңгеден астам қаржы бө­лінген. Грант иегерлері бұдан әрі қалалық әкім­діктің арнайы қадағалауында болмақ. Олардың оқу үлгерімі, басқа да мәселелер жіті назарда болады.
– Арнайы грант, өздеріңіз байқағандай, техни­калық, педагогикалық, медициналық мамандықтарға бөлініп отыр. Мен өз кезегімде сіздерге ақпараттық технологияны терең меңгеруге шақырамын.
Өйткені қазіргі кезде педагогтар да, дәрігерлер де өз жұмысында ақпараттық технологияны кеңі­нен пайдаланады. Екіншіден, сіздерді үш тілді меңгеруге кеңес беремін. Сіздерді жақсы оқып, бәріміздің үмітімізді ақтап, болашақта мықты маман болатындарыңызға сенемін! – деді қала әкімі сөзінің соңында.

Меңдолла ШАМҰРАТОВ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button