Қала мен Сала

Қала бағытына 500 автобус қосылады

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек №1 коммуналдық автобус паркінің қызметімен танысты. Бұл автопарк қаланың жетпіске жуық бағытын қамтиды, ұжымда мыңнан астам автобус жүргізушілері жұмыс істейді.

Әкім ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жол ақысын төлеуден босатылған азаматтар санаты кеңейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол халықтың өсуі мен жаңа көшелердің пайда болуын ескере отырып, биыл желіге тағы 500 автобус, оның ішінде жеке инвестициялар есебінен шығару жоспарланып отырғанын мәлім етті.

Сапар соңында Жеңіс Қасымбек жол-көлік желісін дамытуға, атап айтқанда, көшелерді, көпірлерді салу мен жөндеуге және жолдарды тесуге жеткілікті деңгейде көңіл бөлуді тапсырды.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button