Жаңалықтар

Қала балалары қалай демалады?

ERA_4751

Астана қаласының мектептері жанында ашылған балалар лагерьлері алғашқы маусымын аяқтады.  

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайындағы «Жазғы шығармашылық мектебі» қала балаларын жүзу, мұзда сырғанау, лингвистика, шахмат ойнау секілді пайдалы сабақтарға баулыған. Мұндағы бір ауысымның (12 күн) құны 15 000 теңгені құрайды. Оқушылар сарайының директоры Құралай Мұқышеваның айтуынша, бірінші ауысымда аталмыш лагерьге 80 оқушы қатысқан. Олардың дені – 1-4 сынып оқушылары. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, оларға бос уақытты тиімді өткізуді үйрету мақсатында құрылған жазғы мектептерде екінші маусым кезінде бұдан да көп оқушы демалады деп жоспарлануда.
Жалпы, жазғы лагерьлерде үш ауысым ұйымдастырылмақ. Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, 73 орта мектептің жанынан ашылған лагерьлер 1 маусым мен 10 шілде аралығында 1-4 сыныптарда 45 000 оқитын жеткіншекті қамтымақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button