Қала мен Сала

Қала игілігіне қажетті нысандар

Жуырда Қоғамдық кеңес мүшелері қаладағы нысандардың коммуналдық меншікке берілуін талқылады. Басқосуда бірнеше жыл бойы коммуналдық меншікке өтпеген жобалардың мәселесін шешу жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды. Осы жиынның алдында Қоғамдық кеңес мүшелері әртүрлі себептермен пайдалануға берілмеген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын аралаған еді. Қалыптасқан ахуалды көзімен көрген соң, қаладағы барлық басқармалар және құзырлы мекемелердің өкілдерін бір үстелдің басына шақырып, мәселені түпкілікті шешу жолдарын қарастырды.Коммуналдық меншік санатына енбей қалғандардың ішінде мектепке дейінгі және жалпы білім беретін нысандар, медициналық мекемелер, тұрғын үйлерге тартылған инженерлік тораптар, жылумен-сумен жабдықтау жүйе­лері, кіші трансформатор стансалары, т.б. маңызды нысандар бар. «Мәселен, №2 жылу-электр орталығының салынып, қаланы жылумен-сумен қамтамасыз етіп тұрғанына 15 жылдан асты. Оның құрылысына жүздеген миллиард қаржы жұмсалды. Бірақ әлі күнге дейін жабдықтар «Астанаэнергия­ның» басқаруына берілмеген. Бұдан қала бюджеті жыл сайын 2,4 млрд шығынға батады. Бізде әлі күнге күтімсіз қалған қосалқы стансалар, жылу желілері, жолдар, көшелер бар» деді Қоғамдық кеңес төрағасы Сансызбай Есілов.
Сондай-ақ пайдалануға берілгеніне 4 жыл болған М-3 автомобиль көпірі әлі күнге иесіз. Ал көпірдің үстінен осы уақыт ішінде миллиондаған көлік өтті, ауа райының кері ықпалы бар, мұның бәрі инфрақұрылымның тозуына әсер ететіні сөзсіз. Ескі қаланың күретамыры саналатын Жеңіс даңғылының жайы да осы: кейбір бөліктері қала балансына өтпей қалған. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері проблемалық нысандардың толық қаржыландырылмауы салдарынан коммуналдық меншікке өтпегенін мәлім етті. Сонымен қатар жер телімдерінің қате рәсімделуі салдарынан бүгінде 60 жоба рұқсат құжатсыз жүргізіліп жатыр. Оның шешімі де әкімдіктің араласуын күтіп отыр. Жиында қаладағы иесіз нысандар бойынша бірқатар мемлекеттік құрылым өкілдерінің есебі тыңдалып, талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері бір айдан кейін осы мәселелер бойынша құзырлы органдардың қайтадан есеп беруін тапсырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button