Мәдениет

Қала кітапханалары жаңғыртылды

Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 18 кітапхана бар. Биыл қала әкімдігі мен қалалық мәслихаттың қолдауымен соның төртеуін жаңғырту жұмыстары басталды. Кейбір жаңғыртылған кітап ордалары жаңартылған қалыпта есіктерін оқырмандарға қайта ашты.

Соның бірі – Бөгенбай батыр даңғылындағы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы. Жақында Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов бастаған депутаттар жаңғыртудан кейінгі осы кітапхана жағдайымен танысты.

Аталмыш кітапхананың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Қала тұрғындары мен ең кішкентай оқырмандарға ыңғайлы болу үшін заманауи эргономикалық жиһаз пайда болды. Дизайнерлермен жұмыс жүргізіліп, кітапхананың қасбеті жаңартылды. Қалалық мәслихат депутаттары жаңартылған залдарды аралап, кітап қоры және жаңа түскен кітаптармен танысты.

Осы кітапхананың кітап қоры 166 мың дана кітапты, ал оқырмандар саны 8 мың адамды құрайды. Жаңғыртудан кейін жұмыс кеңістігі айтарлықтай өзгеріп, коворкинг, балалар және басқа аймақтарға бөлінді. Кітапхана оқырмандарға жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Ал Amanat партиясының хатшысы Шолпан Қаринова және аталмыш партия мүшелері жаңғыртудан өткен №3 балалар кітапханасының қайта ашылу салтанатына қатысты.

Жалпы қала кітапханаларын жаң­ғырту бағдарламасына Орталық балалар және жасөспірімдер, №3 және №4 балалар, сондай-ақ зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханаларын қамтыды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button