Елорда тынысы

Қала көркі – қоғамдық кеңістіктер

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстың бірегейі «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жобасы болып келеді. Осы жобаның аясында қаланы абаттандыруға үлкен маңыз беріліп келеді. Соның бір айғағы – елорда тұрғындарының игілігіне беріліп жатқан қоғамдық кеңістіктер. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада құрылысы жүріп жатқан жаңа қоғамдық кеңістіктер туралы айтты.

[smartslider3 slider=3578]

Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Мәселен, биыл Бараев көшесінде жаяу жүргіншілер жолы, Бейбітшілік және келісім сарайының жанында амфитеатр, қараусыз қалған Жерұйық-2 саябағындағы Достық гүлзары (ҚХА мүшелерімен бірге), мұғалімдер саябағы ашылды, сол сияқты қалалық алаң, оң жағалауда баршаға белгілі «Встреча» ауданы және т. б. абаттандырылды.

Қоғамдық кеңістіктер елорданың көркін арттырып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналды. Абаттандыру жұмысы барлық ауданда, оның ішінде елді мекендерде де жүріп жатыр. Елді мекендердің өзінде соңғы жылдары 311 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақ, гүлзар, желекжол) абаттандырылды. Қаламызда бас-аяғы 750-ден аса аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Абаттандыру жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін көпір астындағы кеңістіктер абаттандырылып, құтқарушылардың, медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған арнайы тақырыптық алаңдар, көше спортының колизейі, «Театральный» бульвары, «Demalys Promenade» демалыс күні көшесі және т. б. ашылды. Олардың бәрі қала тұрғындары мен қонақтарының уақытын тиімді өткізуіне, жаяу жүруіне арналған.

Қоғамдық кеңістіктер мен аулаларда әркім жанына жақын іспен айналыса алады: баскетбол/футбол алаңдары, workout аймағы, демалыс­ты тыныш орында өткізуге арналған орындар, балаларға арналған алаңдар, әткеншектер, шығармашылық қо­йылымдарға арналған сахналар және т. б. орналасқан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button