Жаңалықтар

ҚАЛА КӨРКІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

Қалалық мәслихаттың Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Депутаттардың қарауына 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасы ұсынылды.

astana1

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері болып табылатын Астана қаласының Құрылыс, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, Тұрғын үй инспекциясы басшылары баяндама жасап, алдағы үш жылдыққа арналған бюджеттерінің жобаларын талқыға салды.
Бюджет жобасында білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын дамытуға, тұрғын үйлерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны қорғау, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға арналған шығыстары көрсетілген.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Әліби Жұмаев «Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы» баяндамасында қаланың осы мерзімге дейінгі тоғыз айлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінің тұрақты даму үдерісіне тоқталды.
Алдағы жылдардың үлесіндегі атқарылар жұмыстардың ретіне келсек, жобада Құрылыс басқармасы үш жылдық кезеңде 48 980,9 млн теңге игеруді жобалап отыр. Оның ішінде 21 777,5 млн теңге жергілікті бюджеттен, 20 281,2 млн теңге республикалық бюджеттен қарастырылмақ.
Аталмыш басқарманың қызметі ағымдағы екі бағдарлама бойынша және тоғыз бюджеттік даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту нысандарының құрылысы мен қайта жаңғыртуға 3 560,0 млн теңге бөлініп, оны аталмыш мерзімде сатылап игеру көзделуде. Қаладағы апатты үйлерді сүру жұмысы да жалғасын таппақ. Есепте көрсетілген үш жылдың көлемінде 64,3 млн теңге қарастырылған.
Астана қаласының Табиғи ресурс­тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы да бірнеше бағдарлама бо­йынша қызметін ұйымдастырады. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты түрлі шараларды іске асыру, қаланың «жасыл белдеуін» дамыту және абаттандыру, көгалдандыру бойынша бірқатар жұмыстарды жобалап отыр.
Комитет отырысына жиналған депутаттар бюджет жобасына қарастырылуы тиіс бірқатар мәселелерге тоқталды. Жаңа құрылыстардың қолжетімділігімен қатар, сәулеттік жағынан да үйлесімдігін қадағалау қажеттігін айтты.
Есіл өзенінің оң жағалауындағы «ескі қаланың» да өзіндік келбетін қалыптастыруға назар аударуды ескертті.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button