Елорда тынысы

Қала маңы бағдарының жүру кестесі өзгереді

CTS компаниясының мәліметінше кейбір қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгереді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Одан бөлек оң оң жақты бұрылу жолағы да көбейе түсуде. Төменде компанияның ақпараттарын келтіріп отырмыз.
                                                                      *       *       *
Жолаушылар назарына!
Келесі қала маңы бағдарларының жүру кестелері өзгереді:
– 4 қазаннан № 326 бағдардың жұмыс күнгі жүру кестесі;
– 5 қазаннан № 306 бағдардың демалыс күнгі жүру кестесі;
– 5 қазаннан № 311 бағдардың күнделікті жүру кестесі.
Жүру кестесі тұрғындардың қоғамдық көлік қызметін пайдалануы ыңғайлылығын арттыру мақсатында өзгертіледі.
Жүру кестесін парақшамыздың актуалды сторисінің «Кесте» бөлімінен көруге болады.
                                                                      *       *       *
Астана қаласында жолдарды жүргізушілер үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы әрі қауіпсіз ететін 300-ден астам оң жақты бұрылу жолақтары бар.
Оң жақты бұрылу жолағы – бұл бағдаршамның жасыл түсін күтпестен оңға бұрылуға мүмкіндік беретін жеке жолақтар.
Артықшылықтары:
– Трафикті төмендету. Оң жақты бұрылу жолағы бағдаршамды күтпестен оңға бұрылуға мүмкіндік береді, бұл қиылыстардағы жүктемені төмендетеді және автомобильдер мен қоғамдық көліктердің қозғалысын тездетеді.
– Жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлылық. Автокөлік жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерге кедергі жасамай бұрылуға мүмкіндік береді.
Астана қаласындағы оң жақты бұрылу жолағы бар учаскенің бірі – Мәңгілік Ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысы. Мұнда бұрылыс жолағы күн сайын 11 бағдар бойынша жүретін 190 автобустың жылдам жүруіне көмектеседі.
Тағы бір мысал — Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолындағы бұрылыс жолағы, ол күн сайын 80-ге жуық автобусы бар 5 бағдарды өткізеді.
Көптеген елдерде оң жақты бұрылу жолақтары трафикті жақсартудың стандартты шешімі. Астана бұл тәжірибені жолдардағы жайлылық пен қауіпсіздікті арттыру үшін белсенді түрде енгізуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button