Жаңалықтар

ҚАЛА МАРШРУТТАРЫ КӨБЕЙДІ

Астанада тұрақты түрде жолаушылар мен жүк тасымалдайтын жаңа қалалық бағдарлар іске қосылды.

автобус
Атап айтқанда, қалалық қоғамдық көліктердің маршруттық нөмірлері –37, 58 және 53. Жүз он орынға арналған автобустардың қозғалыс интервалы 10-30 минут аралығын қамтиды.
№37 МАРШРУТ Теміржол вокзалынан – Ғарыш орталығына дейін жүреді. Бастапқы аялдамадан автобус Біржан сал к-сі – Есенберлин к-сі – Бейбітшілік к-сі – Молдағұлова к-сі – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – № 31 көше – Тұран даңғылы – айналма жол айрығы – Қабанбай батыр даңғылына дейін жүріп, осы сызбамен кері қайтады.
№58 АВТОБУС «Шарын» базарынан «Бастау» ТК дейін жүреді. Аралығындағы қозғалыс бағыты: Алаш тасжолы – Бөгенбай батыр даңғылы – Айманов к-сі – Дүкенұлы к-сі – Уәлиханов к-сі – Кравцов к-сі – Қажымұқан к-сі – Сәтпаев к-сі – Күйші Дина к-сі – Жұмабаев даңғылы – Балқантау к-сі – Қордай к-сі.
№53 МАРШРУТ «Шарын» базарынан Клиникалық-оңалту кешеніне дейін: «Шарын» базары – Алаш тасжолы – Бөгенбай батыр даңғылы – Айманов к-сі – Дүкенұлы к-сі –Уәлиханов к-сі – Сейфуллин к-сі – Сарыарқа даңғылы – Тұран даңғылы – Керей, Жәнібек хандар к-сі – Қабанбай батыр даңғылы – Рысқұлов к-сі – Орынбор к-сі – № 31 көше –соңғы аялдама «Клиникалық-оңалту кешені».

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button