#Жаңа Қазақстан

Қала полигоны алаңдатады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Жанат Саматқызы және Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Серік Ғұсман Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан полигонның бас жоспарымен танысты.

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының барлық қатты тұрмыстық қалдығы осында тасымалдануда. Полигонда техника мен қажетті құрал-жабдықтың жетіспеушілігі байқалады. Жалпы өңірде қатты тұрмыс­тық қалдықты жинаумен және шығарумен айналысатын кәсіпорындар саны 20-дан асады.

Қоқыс полигоны 2016 жылы пайдалануға берілген. Алғашында «Көктем» МКК балансында болды. Қазіргі уақытта полигон орналасқан жер учаскесі «Маңғыстау жылу» МКК қарайды. Ал тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау және сұрыптауды жеке кәсіпкермен жасақталған келісімшарт негізінде жүргізіледі. Ақтау қаласы Мұнайлы ауданына қарасты Батыр, Атамекен, Баянды, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан күніне 1000-1300 куб қоқыс жеткізіледі. Қалдықтардың 70 пайызы қайта өңдеуге жіберілсе, қалған 30 пайызы жарамсыз қоқыс күйінде қалып отыр.

Маңғыстау өңірінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеудің тұтас инфрақұрылымын құру, сондай-ақ полигондарды нормативтік талаптарға сай етіп жасақтау әзірге тек қағаз күйінде қалып отырғанына үміткерлер қатты алаңдайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button