Қала романсының кеші

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Қала романсының кеші» концертін ұсынды. Кеште өнер ұжымының классикалық вокал бөлімінің солистері өнер көрсетті.
Кеш бағдарламасында А.Верстовский, А.Алябьев, А.Варламов, П.Булахов, А.Гурилев, Б.Шереметев, М.Глинка, А.Даргомыжский, Н.Шишкин, А.Абаза, Ю. Фельдман, А.Власова, К.Листова, Т.Толстая сияқты композиторлардың шығармалары орындалды.
Филармония солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілда, халықаралық байқаулардың лауреаттары Шахризада Тыныштық, Фируза Рахметова, Талғат Аллабиринов, Алтынбек Арыстанбек, Нұрсат Алмас, Эльмира Шпекпаева, Әйгерім Аманжолова ән салды.