Сұхбат

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ ҚАЛЫПТЫ

IMG_4706

Бас қаламыздың экологиясы – басты мәселенің бірі. Ауа ластанбай, тазалық сақталған жерде ғана қоршаған ортаға зиян келмейді. Осы төңіректе Астана қаласы бойынша мем­лекеттік экологиялық аға инспектор М.Ошурбаев әңгімелейді.

– Астана қаласының экологиялық жағдайы қалай ?

– Қаланың табиғи ортасы (су көздері, ауа, жер қабаты және т.б.) белсенді антро­погендік әсерге ұшырап отырады. Бәрімізге мәлім, кез келген аумақтың экологиялық жағдайы атмосфералық ауаның ластану индексі (АЛИ5) интег­ралды көрсеткішпен сипатталады.  Астана қаласындағы атмосфералық ауа лас­та­нуының орташа индексі 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 3,25 бірлікті құрады, яғни, бұл 2012 жылғы ластану индексімен салыстырғанда (3,78) 0,53 бірлікке аз деген сөз.

Атмосфералық ауаның  ластануы индексі бойынша Астана қаласының экологиялық жағдайы қалыпты болып табылады, әрі жағымды деп сипатталады.

Қоршаған ортаны ластаушы кәсіп­орындар мен жеке тұлғаларға қандай шаралар қолданылады?

– Экологиялық заң нормалары мен
талаптарын бұзушылық фактілері анық­талған жағдайда, ҚР Экология кодексінің 117-бабына сәйкес мемлекеттік эколо­гиялық инспектор:

– қоршаған ортаға немесе халықтың денсаулығына аса ірі залал келтiруге әкеп соқ­қан жайлардың алдын алып,  экологиялық нормалар мен талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Табиғат пайдалану шарттары бұзылған  ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

– жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының экология заңын бұзу­шылық көріністерін жою жөнінде нұс­қамалар беруге;

– Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы сотқа талап-арыздар түсіруге құқылы.

Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің мамандары экологиялық заң нор­малары мен талаптарын бұзуларға 18,0 млн. теңге көлемінде 165 әкімшілік айыппұл салынды. 28,0 млн теңге көлемінде 26 шағым түсіріліп, шаруашылық қызметін тоқтата тұру туралы сотқа 5 материал және қылмыстық іс қозғау туралы ішкі істер органдарына  18 ұсыныс жолданды.

–  Астана қаласындағы қалдықтар қалай өңделеді?

– Қалада қатқыл тұрмыстық қалдық­тарды көмуге  рұқсат етілген бір полигон бар.  Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша «Алтын ТЭТ» ЖШС зауыты іске қосылды.  Атал­ған қоқыс өңдеу кешенін іске қосу қал­дық­тарды пайдаға асыруға оңтайлы әсер етуде. Кешеннің жобалық қуатына толық көшуі қатқыл  тұрмыстық  қалдықтардың  80%-ын  қайта өңдеуге, ал 20 %-ын көміп тастауға мүмкіндік береді.

Медициналық қалдықтар арнаулы қон­дырғыларда өртеледі, экологиялық заң баптарына сәйкес, аталған қызмет түрімен айналысатын кәсіпорынның қолында  мемлекеттік экологиялық сараптаманың  қо­рытындысы мен қоршаған орта эмиссияларына  рұқсаты болуға тиіс.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button