Қала мен СалаҚала тіршілігі

Қала тазалығы – тұрақты назарда

2021 жылы Мемлекет басшысы қолдаған «Birge – taza Qazaqstan» жалпыреспубликалық шарасы елордада екі кезеңде – көктем мен күзде өткізілді.

[smartslider3 slider=742]

Елордада 10 сәуір-29 мамыр аралығында өткен көктемгі экологиялық айлық аясында қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Апта сайынғы сенбіліктерге барлығы 88 мыңнан астам адам, 10474 кәсіпорын мен ұйым қатысты. 670-тен астам арнайы техника тартылды. Осы кезеңде полигонға 4715,56 тонна қалдық жиналып, шығарылды. Өткізілген экологиялық акция шеңберінде жалпы ауданы 5,5 млн м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылды, 11659 көшет отырғызылды.

Биыл 5 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, коммуналдық кәсіпорындардың, білім беру мекемелерінің 1300 қызметкері, еріктілер қатысты. Жалпы күш-жігермен 255,26 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

«Birge – taza Qazaqstan» шарасының екінші кезеңі 15 қыр­күйек-15 қазан аралығында өтті. Экологиялық айлық қысқы кезеңге дайындық және күзгі кезеңде жасыл желектерді отыр­ғызу үшін ұйымдастырылды. Осылайша «World Cleanup day 2021» дүниежүзілік акциясы аясында 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ағаш отырғызумен жалпықалалық сенбілік өтті. Оған 49 мыңнан астам қала тұрғыны, 87 мемлекеттік орган, 17 елшілік, сондай-ақ 2876 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты. 146 жүк тиегіш және 284 жүк көлігі жұмылдырылды. Бұл күні жалпы ауданы 3 млн м2 болатын саябақтар мен скверлер тазартылып, 2784 ағаш отырғызылды.

Күзгі экологиялық айлық аясында сенбіліктерге 70393 адам, 5150 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Барлығы 1244-тен астам мамандандырылған техника жұмылдырылды. Полигонға 1357,32 тонна қалдық жиналып, шығарылды. Күзгі кезеңде өткізілген экологиялық сенбіліктер аясында жалпы ауданы 5,5 млн м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, 7819 дана ағаш отырғызылды.

Елорданың «жасыл белдеуі» аумағында биыл 890151 ағаш, ал елорданың өзінде 200 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Сенбілікке мемлекеттік, білім беру мекемелерінің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, ПИК және МИБ, шағын және орта бизнес субъектілері мен қаланың белсенді тұрғындары, сондай-ақ еріктілер, экобелсенділер, оқушылар мен студенттер қатысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button