ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Қала тіршілігін қамтамасыз етеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов №3 жылу электр орталығындағы  құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысты.

[smartslider3 slider=780]

«Елордада жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Қалада жылу беру маусымы шамамен 7 айға созылатындығын ескере отырып және болашақта жылу энергиясы тапшылығы туындамас үшін №3 жылу энергия орталығы құрылысы қайта басталды.

Жаңа жылу электр орталығы 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар екі газ қазандығының құрылысын жүргіземіз. Жоспар бойынша маңыз­ды стратегиялық нысан 2022-2023 жылғы жылыту маусымында іске қосылады» деді қала басшысы.

Қазір қалада қолданыстағы №1 және №2 жылу электр орталықтарындағы су жылыту қазандықтары газға ауыстырылады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының бақылауымен қаланы газдандыру және жаңа құрылыс алаңдарын  сумен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету, жаңа сорғы-сүзгі стансасы мен кәріз тазарту қондырғыларын жобалау жүргізіліп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button