Жаңалықтар

Қалаға көрік берген «көктал»

«Көктал» – Сарыарқа ауданындағы тұрғын алап. Бұрынғы Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл елордадан солтүстік-батысқа қарай 10 км, Есіл өзенінің оң жағалауында және Астана-Екатеринбург тасжолынан 1 км жерде. Халық саны – 3,9 мың адам. 1928-1960 жылдары №1 ферманың орталығы, 1960-1992 жылдары Киров сүт фермасы болды. Басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы байланысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 8 тамыздағы «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығымен облыстың кейбір елді мекендері, соның ішінде Көктал ауылы әкімшілік-аумақтық шекараға енгізілді.

[smartslider3 slider=970]

Бүгінде «Көкталға» қатынайтын қоғамдық көліктерді көбейту, қызмет көрсету сапасын көтеру, жылы аялдамаларды орналастыру, басқа да маңызды мәселелер бойынша жол картасы бекітіліп, жұмыс жасалуда. «Көктал-1» тұрғын алабында «Нұр-бесік» шағын ауданы және ағаш егу учаскесінің (ЛПУ) бір бөлігі орналасқан. Мұнда 1300-ден астам адам тұрады. Жақында «Көктал-1» тұрғын алабында аумағы 16 гектарға жуық саябақ ашылды. Жаңа кеңістік үш үлкен аймаққа бөлінген. Біріншісі – тыныш демалыс аймағы. Мұнда, мысалы, амфитеатр орнатылды – ашық аспан астындағы кинотеатрды ұйымдастыруға болады, ротонда да бар – жас жұбайлар үйлену тойын өткізе алады. Тыныш аймақта серуендеуге және демалуға қолайлы жағдай жасалған. Екінші аймақ спорттық демалысқа арналған. Аумақта баскетбол, футбол, волейбол алаңы, теннис корты, воркаут алаңы және йогаға арналған орын жабдықталған. Барлық спорт алаңдары қоршалған. Үшінші аймақ – балалардың демалыс аймағы. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын алаңдары бар.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button