Жаңалықтар

Қалалар интернетпен қамтылады

Осы жылдың соңына дейін 8 қала 4 G желісіне  қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы кешегі ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихатына келген «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев  мәлімдеді. 

Компания басшысының мәліметі бойынша Алматы мен Астана қалаларында дауыстық қызметтерді күзге қарай іске қосу жоспарланып отыр. Осы жылдың аяғында Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Шымкент қалаларын, сондай-ақ, Алматы мен Астананың маңындағы елді-мекендер мен серіктес қалаларды 4G желісіне қосу көздеп отыр.

– Өткен жылы Елбасы LTE желісін іске қосқан болатын. Астана мен Алматы қалалары бүгінде аталмыш желіге қосылған. 2013 жылғы 31 мамырдағы мәліметке сәйкес, Алматы мен Астана қалаларында тіркелген «Алтел 4G» абоненттерінің жалпы саны 33 мың адамнан асты. Келесі жылы барлық қажетті елді-мекендерді 100 пайыз ғаламтор мен байланыс қызметтерімен қамту мүмкін болады деп ойлаймын. Ауылдарды байланыс пен ғаламтор желісімен қамтамасыз ету урбанизация үдерісімен байланысты екенін атап өткен жөн, – деді Қ. Есекеев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бүгінге дейін үй мен мекемелерде тіркелген телефон желілері 4 млн. 70 мыңға жеткен. Жыл сайын кең жолақты ғаламторға қосылу саны 30 пайызға өсіп, көрсеткіш 1 млн 300 мыңды құрады. Тек осы жылдың 5 айында iDNet қызметін пайдаланушылар саны екі есеге өсіп, оған қосылған отбасылар саны 182 мыңға жетіпті.

Айнұр ШОШАЕВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button