Мәслихат

Қалалық мәслихат Есіл ауданы әкімдігінде көшпелі кеңес өткізді

Бүгін Астана қаласы мәслихатының депутаттық корпусы Есіл ауданы әкімдігінде көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ауданда 357 ауланың 40-ы абаттандыруды қажет етеді. Биылғы жылы 9 аула абаттандырылып, 56 мың шаршы метр тротуар плиткасы жаңартылды, оның ішінде Ботаникалық бақ пен ЭКСПО аумағы да бар.

-Ерекше назарды заңсыз қоқыс үйінділерін жоюға аудардық. Мәселелердің қатарында көшелердің құрылысын жүргізу және көлік жолдарының жағдайын қамтамасыз ету, оның ішінде «Времена года» тұрғын үй кешеніне апаратын асфальтталған жолдың құрылысын қарастыру керек. Сондай-ақ, А.Бокейхан көшесінің Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықтағы жарықтандыруды кеңейту және абаттандыру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі туралы айтылды. Жолдың толық аяқталмаған учаскелері тұрғындарға едәуір қолайсыздықтар туғызып, әсіресе жаңбыр мен қар жауған кезде көлік апаттарының қауіп-қатерін арттырады,- деді Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button