Жаңалықтар

Қалалық қоғамдық көлік маршруттары өзгереді

Заңнама талаптарына сәйкес 2016 жылғы 30 шілдеден бастап қаланың маршруттық желісіне сәйкестендіру үшін № 27, 43, 45 бағдарлар қозғалысын тоқтатады. Бұл ретте аталған бағыттар бойынша қала маңына қатынайтын № 303, 304, 305, 306, 307 маршруттардың қозғалыс жиілігі артады.

автобус

Сонымен қатар, 11 маусымнан бастап № 37, 39, 53 жаңа қалалық маршруттары іске қосылды, олардың қала ішіндегі қозғалысы № 27, 43, 45 автобустардың кестесіне толығымен сай келеді.

Мұнымен қоса, үстіміздегі жылдың 30 шілдеден бастап № 35, 38, 105 автобустардың қозғалыс сызбасы қаланың әкімшілік шекарасымен шектелетін болады.

– № 37 маршрут теміржол вокзалынан Ғарыш орталығына дейін жүреді. Есенберлин, Молдағұлова көшелері, Республика, Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарын қамтиды.

– № 39 маршрут «Астана инерт» аялдамасынан басталады, Оқжетпес, К. Бәйсейтіова көшелерімен, Тілендиев, Бөгенбай батыр даңғылдарымен және Алаш тасжолымен жүреді. Маршруттың соңғы аялдамасы – «Шарын» базары.

– № 53 маршрут қозғалысын «Шарын» базарынан бастап, «Клиникалық-оңалту кешеніне» дейін жүреді, Алаш тасжолы, Бөгенбай батыр, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарын, сондай-ақ, Т. Рысқұлов пен Орынбор көшелерін қамтиды.

Айта кетейік, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабы 3-тармағының 1-ші және 2-ші тармақшалары бойынша жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

– қалалық (ауылдық) – елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау;

– қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button