Елорда тынысы

Қалалық ТЖД ескерту жариялады

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 11 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Осыған байланысты елордалық ТЖД ескерту жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Синоптиктердің болжамынша, оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруіне қатысты ақпаратқа назар аударуға шақырады. Жел күшейген кезде тұрғындар мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауы керек:
– өте мұқият болыңыз, әлсіз бекітілген және ескі құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр желілеріне жақындамаңыз;
– егер қатты жел кезінде далада қалсаңыз, жерасты өткелдерінде немесе ғимараттардың подъездерін паналау қажет;
– үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр мен өзге де заттар құлауы мүмкін;
– егер шаңды дауыл кезінде далада қалсаңыз көзіңізді матамен, көзілдірікпен, т.б. заттармен бүркемелеңіз.

Ал ұйымдар мен мекемелер өз кезегінде:
– көтергіш-көлік жабдықтарын бекіту, ескірген шатырларды, пеш және желдеткіш құбырларды, билбордтарды, баннерлерді нығайту, шатырларды, балкондарды, лоджияларды бөгде заттардан тазарту;
– витриналарды, терезелерді желден қорғаңыз;
– мекемелер ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланған жағдайда кезекшілікті ұйымдастыру.

Сақ болыңыз және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button