Жаңалықтар

Қалалық жас инспекторлар слеті

fc71da8cc8eed147a6762b99679

Елордалық Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Астана қаласының Білім басқармасымен бірігіп жол қозғалысының қалалық жас инспекторлар слетін өткізді. Шараны өткізу, негізінен, балалар жол-көлік жарақатының алдын алуды, жол қозғалысының жас инспекторларын тәрбилеу мақсатын көздейді. 

Іс-шараны ашқан Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкім­шілік полиция басқар­масы бас­тығының орын­басары,
полиция полковнигі Сабыр Жүсіп­беков М.Өтемісұлы атын­дағы Оқушылар са­райында жыл сайын ұйым­дас­тырылатын слетте биыл алты мектептің ең мықты отряды бақ сынасатынын және қазылар алқа­сына жол-патрульдік поли­циясының ең мықты жас көмекшілерін анықтау талабы қойылғанын атап өтті.
Қалалық слет бағдар­ламасына: «Жол жүру ережелерінің білгірлері», «Саппен жүру және ән айту», «Велосипедпен мәнерлеп жүру», «Жас санитар», «Білімпаз байқауы», «Жас рет­теуші», «Үгіт бригадасы бай­қауы» және «Жас инс­пек­тор туралы ең мықты өлең» сияқты сегіз байқау енгізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды ең көп балл жинаған №70 мектептің жас инспекторлар командасы иеленсе, екінші орын – № 64 мектеп-лицейіне, үшінші орын №38 мектеп оқушыларына бұйырды. Барлық командалар бағалы сыйлықтармен және жүлделермен марапатталды.
Жеңімпаз команда ағым­дағы жылдың маусым-шілде айларында Қостанай қаласында Қазақстанның өңірлік жарыстары же­ңім­паздарының қаты­суымен өтетін Ғазиз Байтасов атындағы жас инспекторлардың рес­пуб­ликалық слетінде Аста­наның намысын қорғалмақшы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button