Жаңалықтар

Қаламдастарымызды құттықтады

_50A1193

Астана қаласының әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай осы салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ журналистерді құттықтады. 

Расында, қоғамның қозғаушы күші саналатын, қалам иелеріне жүктелетін міндет қашан да сал­мақты. Сондықтан да, олар қандай құрметке болсын лайықты. Өмірдегі әділетсіздікке, немқұрайлыққа, жалпы, қай жерде адамзатқа қажетті дүниенің орны ойсырап тұрған кезде, сол араға ең алдымен жететін журналистер екені анық. Осы орайда Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлнұр Сейдуманов шараға қатысып отырған бір топ әріптестерімізді құттықтай келіп: « Ел тәуелсіздігін нығайтуда журналистердің атқарып отырған қызметі ерен. Бүгінгі ақпарат майданы қызған шақта сіздерге түсіп отырған салмақ та ауыр. Сондықтан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын» деп тілегін білдірді. Одан кейін Астана қаласының әкімінің кеңесшісі Михил Чирков сөз алып, БАҚ өкілдеріне ізгі лебізін білдіріп, елорданың алғашқы баспасөз хатшысы болған Сәдібек Түгел, қарт журналист Моисей Гольдберг, «Астана» телеарнасаының бас директоры Ләззат Танысбай, «Қазақстан» телерадиокорпарациясы» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, «Астана ақшамы» ЖШС-нің директоры Сергей Кузовников, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Аяған Сандыбай және тағы басқа да журналистерге Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің атынан алғыс хат пен арнайы сыйлық табыс етті.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button