Елорда тынысы

Қаламгерді мерейтойымен құттықтады

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі, республикалық «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр мерейлі 60 жасқа толды. Белгілі журналисті ­Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай ­Көлгінов қабылдап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын тапсырды, мерейтойымен құттықтады.

[smartslider3 slider=3609]

«Қарымды қаламгер, іскер азамат ретінде өзіңізге жүктелген маңызды міндеттерді үлкен жауапкершілікпен орындап, сенім үдесінен шыға білдіңіз. Ұзақ жыл «Егемен Қазақстан» газетінде еңбек етіп, отандық журналистиканың өркен жаюына үлес қостыңыз.

Бүгінде «Астана ақшамы» ұжымына басшылық жасап, елордамыздың экономикалық-әлеуметтік, ­рухани-мәдени дамуын насихаттауға атсалысып келесіз. Қолға алған жобаларыңыздың сәтті жүзеге асуына сенім білдіремін.

Сізге зор денсаулық және отбасыңыз­ға бақ-береке тілеймін» делінген ­Президент құттықтауында.

Қазақ баспасөзінде айшықты қолтаңбасы бар Еркін Сағындықұлы журналистикадағы еңбек жолын «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректорлықтан бастап, осы басылымда тілші болды. Жазғандары шындықтың шырақшысы Шерхан Мұртазаның көзіне түсіп, «Социалистік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Егемен Қазақстан») Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметіне қабылданды. Содан бастап 27 жыл табан аудармастан еліміздің бас басылымында еңбек етті. Бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы болды. 2017 жылдың наурыз айынан бері «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы. «Ұсақталма, Үкімет», «Отырар», «Кәусар кез» кітаптарының авторы.

Мерейтой иесіне Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан ­Каналимов құттықтау хатын жол­даса, өзі көп жыл еңбек еткен «Егемен Қазақ­стан» басшысы Дархан ­Қыдырәлі әріптестерінің ыстық ықыласын ­редакцияға келіп жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button