Мәдениет

Қаламгермен кездесті

Астана қаласы әкімдігі орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында белгілі ақын, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты Нұрлан Қалқамен кездесу өтті.

Іс-шараны жүргізген кітапханашы Сағыныш Дүйсенқызы жиналғандарды ақынның шығармашылығымен таныс­тырды. Нұрлан Қалқаның «Аққу жүрек», «Отыз бесінші шілде», «Мизам шуақ» жыр жинақтары, «Әке сені сағындым», «Жыл – он екі ай» кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары орыс, беларус, моңғол тілдеріне тәржімаланған. Ақынның өзі Александр Гитович, Анна Ахматова, Николай Рубцов, басқа да танымал ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Жұрт Нұрлан Қалқаны балалар ақыны ретінде де біледі. Кездесуге қатысқан Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, сұрақтарын қойды. Ақынның қаламынан туған жұмбақтарды шешіп, жаңылтпаштарды айтты.

«Мұндай кездесулердің бастауыш сынып оқушыларына берер тағылымы мол. Олар өз ойларын жұптап айтуға, қызу пікірталасқа араласуға, жылдам шешім қабылдауға дағдыланады. Ұрпақ тәрбиесі – ортақ іс. Балалар тақырыбында жазатын қаламгерлермен кітапханада, мектепте кездесулердің жиі болғаны абзал» деген Нұрлан Қалқа «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Жыл – он екі ай» кітабын кітапхана қорына тапсырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button