Астана аудандары

Қаланы безендіруге белсене қатысты

Желтоқсан айы туысымен бас қалада қауырт қарбалас басталады. Аудандар қаланы қардан тазартумен қатар, қысқы безендіру жұмысына да белсене кіріседі. Тәуелсіздік мерекесі мен жаңа жыл кештеріне арналған әртүрлі әсемдік әшекейлер жасалып, елорданы ерекше әсемдікке бөлейді. Ол қала тұрғындарына тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Міне, осы айтулы науқанға тек аудан әкімдіктері ғана емес, инвесторлар да атсалысады.

[smartslider3 slider=1642]

– Астананың қысы ұзақ екені айтпаса да белгілі, сондықтан бұл уақытты барынша тиімді пайдалану керек. Міне, осы мақсатта Есіл ауданында қысқы мерекелік шараларды көптеп өткізу дәстүрге айналған. «ESIL WINTER» фестивалі аясында біз тұрғындардың көңіл көтеруіне қолайлы жағдай жасап қана қоймай, сауда-саттықпен айналысатын азаматтарға да тиімділік жасауға тырысамыз. Сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеп, қаланың қысқы саяхат істерін өркендетуге тиімді тәсілдерді де пайдаланамыз. Ал инвесторлар болса, қала учаскелеріне өз шыршаларын өткізудің ұтымды әдістерін ұсынып, сырғанақ, шаңғы алаңдарын ашып, өздері экономикалық жақтан табыс табумен қатар, ауданымыздың қысқы көңіл көтеру істеріне де атсалысады. Сол үшін оларға үлкен рахмет, – деді аудан әкімі Берік Жакенов.

 Биыл Есіл ауданында қысқы көңіл көтеруге арналған 11 орталық ашылды. Оның басым бөлігі демеушілер есебінен ұйымдастырылады. Мәселен, «ҚазТрансГаз» компаниясының қолдауымен Есіл өзенінің жағалауындағы саябақта жаңа жылдық әшекейлер мен 23 метрлік шырша орнатылды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері «Зеленый квартал» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары үшін жаңажылдық шырша орнатты. Көп ұзамай бұл учаскелерде мұз алаңы пайдалануға беріледі.

Биыл қысқы ойын-сауық орындарының бірі ретінде елорданың Орталық паркін атауға болады. Мұнда жақын арада шаңғы алаңы, сырғанақ орны, керлинг сынды ойын алаңдары іске қосылады. Сонымен қатар, саябақта фестивальдер, көрмелер ұйымдастыру да жоспарланып отыр. Шараны ұйымдастыруға мәдени орталықтар, театрлар, филармония, инструкторлар, аниматорлар жұмылдырылады.

Айта кетейік, қала тұрғындары төмендегі орындарға барып, қыс қызы­ғын сезініп, көңіл көтеруіне болады.

– ЕХРО-2017 алаңы;

– Есіл өзені жағалауы бойындағы саябақ;

– «Керуен» СОО;

– «Хан Шатыр» СОО;

– «Зеленый квартал» ТК;

– «Жағалау» ТК;

– «Үркер» тұрғын алабы;

– «Пригородный» тұрғын алабы;

– Ботаникалық бақ;

– «Жетісу» саябағы;

– «Ailand» отбасылық демалыс орталығы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button