Қала мен Сала

Қаланы көркейтетін кәсіпорындар

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері «Астана-Тазалық» ЖШС және «Астана-Зеленстрой» ЖШС-іне жұмыс сапармен барып қайтты

[smartslider3 slider=2662]

Көктемгі кезеңде қаланы қоқыстан тазарту, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу, ағаштар мен бұталарды отырғызу бағытында бұл серіктестіктердің атқарған, алда атқарар жұмыс­тары аз емес. Елорданың көркеюіне «Астана-Тазалық» және «Астана-Зеленстрой» кәсіпорындары қызметкерлері күнделікті еңбектерімен үлкен үлес қосуда.

«Астана-Тазалық» басшылығы депутаттарға тазалау тарифтерінің төмендігін жеткізді. Қазір компания бюджетіне түсетін түсімдер шығындарды өтемейді. Ал жұмысшылардың жалақысын көтеріп, материалдар мен қосалқы бөлшектердің бағасын реттеу керек.

Мәслихат депутаттары компаниялар басшылығымен ұйымдардың қаржылық көрсеткіштерін талқылады. Кәсіпорындар аутсорсинг арқылы негізгі операциялық процестерді басқару үшін автоматтандырылған жүйелерді енгізіп, қызметтер мен жұмыстардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуді жоспарлайды. Материалдық-техникалық базаны жаңартып, кадр мәселесін күшейтпек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button