Елорда тынысы

Қалдық өңдеу кешенімен танысты

Парламент Мәжілісінің депутаттары Елдос Абақанов пен Бауыржан Сартбаев елордадағы қалдық өңдеу кешенінің жұмысымен танысты. Кешен 2008 жылы іске кіріскен. Ал 2011 жылдан бері тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Кәсіп­орынның іске қосылғанына 10 жылдан астам уақыт өтті.

[smartslider3 slider=2204]

«Қазір кешен 310 мың тоннаны қабылдайды. Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының саны жыл сайын 7 пайызға артып келе жатқанмен, бүгінгі таңда кешен қалаға толыққанды қызмет көрсете алмай отыр» деді Елдос Абақанов.

Қазіргі таңда кешенде қайта өңдеу желісі жиі істен шығады. Соның әсерінен аптасына әртүрлі жабдықтардың 70-ке жуық бұзылуы орын алады. Бұл мәселені шешуге көп уақыт қажет. Қайта өңдеу желісін жаңартқанда өнімділік жылына 450-570 мың тоннаға жетеді. Сондай-ақ сұрыптау тиімділігінің деңгейі 80-нен 95 пайызға дейін артады.

Депутаттар кешен жұмысшыларымен де сөйлесіп, жағдайларына үңілді. Кешен жұмысшыларының айтуынша, оларға жағдай жасалған әрі арнайы көлік бар. Жұмысшылар мәселе ретінде қоқыс өңдеу кешенінің жанында аялдамалар жоғын атап өтті. Елорда әкімдігі бұл мәселені назарға алды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button