Мәдениет

«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі қорытындыланады

Бүгін  Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Халықаралық театр күні мерекесіне арналған салтанатты кеш өтеді. Кеште «27 наурыз – Халықаралық театр күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінің қорытындысы жарияланып, үздіктер марапатталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Спектакльдер шеруі 2025 жылғы наурыздың 21-27 күндері аралығында өтті. Шара аясында театр сарапшылары мен көрермен назарына театр сахнасында 2024 жылдың наурыз айы мен 2025 жылдың наурыз айы аралығында сахналанған премьералары көрсетілді. Атап айтқанда, «Махаббатым сен»», «Қарагөз», «Әйел құпиясы», «Ертегі түннің әуені», «Войцек», «Парасат майданы», «Фигароның үйленуі» спектакльдерінің арнайы көрсетілімдері өтті.  Шара барысында театр сарапшылары әр қойылымды жан-жақты талқылап, үздіктерді анықтады. Сонымен бірге, көрермендер арнайы анкеталарды толтырып, сүйікті актерлері мен спектакльдеріне дауыс берді.

27 наурызда өтетін қорытынды шарада үздік өнерпаздар мен қойылымдар «Үздік актер» (сарапшылар шешімі), «Үздік актриса» (сарапшылар шешімі), «Үздік актер» (көрермен таңдауы), «Үздік актриса» (көрермен таңдауы) «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» (сарапшылар шешімі), «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» (сарапшылар шешімі), «Театр тарланы», «Үміт»  секілді номинациялармен марапатталады.

«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінің мақсаты – театрдың шығармашылық байланысын нығайту және театр мәдениетінің өзара іс-әрекетін ұжымдық бағытта жандандыруға ықпал ету; Соңғы жылдары жарық көрген премьераларды кеңінен насихаттап, сахна мәртебесін жоғары деңгейге көтеру, театрдың қоғамдағы орны мен адамзаттың рухани өсіп өнуіне тигізер ықпалын ұжым алдында зерттеу, зерделеу болып табылады. Актерлік өнердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып, өркендеп өсуіне ықпал ету; театр өнерінің түрлері мен жанрларындағы үздік жұмыстарды анықтау және қолдау; заманауи театр үрдісінің негізгі тенденцияларын анықтау және театр өнерінің классикалық және заманауи мұралары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту; елорда көрермендерін Қаллеки театр өнерінің үздік үлгілерімен таныстыру.

 

 

 

 

 

   

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button