Басты ақпаратЕлорда тынысы

Қалың қар – жердің нәрі

Табиғаттың бір тылсым сыйы қар екені анық. Қардың суы жердің нәрі десек те болады. Сондай-ақ аппақ қар адамның көңілін де көтереді. Сондықтан болар, жер-жаһанда қар мерекесі ұйымдастырылады. Мұндай мереке қыстай қарбаласып жататын біздің Астанада да жыл сайын өткізіледі. Елорданың орталық саябағында «World snow day» қар фестивалі ұйымдастырылды.  

Жексенбі күні елорданың орталық саябағының шаңғы-роллер трассасында қыс мерекесі – Дүние­жүзілік қар күні аясында шаңғы жарысы бойынша балалар жарысы өтті. Мерекелік іс-шараға «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жакенов пен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысты.

– Балалар фестивалі Халықаралық шаңғы федерациясының қолдауымен өтті, ол Қазақстан астанасында 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын жарысқа 2 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жастар қатысады. Биыл мерекелік жарысқа 250-ден астам жас шаңғышы қатысты, – деді қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Жас шаңғышылар мен жанкүйерлер үшін дискотека, ойын старттары, сол сияқты сырғанауға болатын алып банан мен сырғанақтар ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас топтарында қашықтан жеке нәтижесі бойынша анықталып, тиісті дәрежелі сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Триумфаторлар мына санаттарда анықталды: балалар спринті (толық мәре бойынша), жаппай старт (барлық жарыстың толық мәресі бойынша), үздіктерін ғана анықтау (барлық жарыстың толық мәресі бойынша).

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button